Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

«Туған күнді тойлау қоғам бірлігін бұзады», - этнограф

15.06.2023ж. 20:00
655
«Туған күнді тойлау қоғам бірлігін бұзады», - этнограф

«Қазақ халқы туған күн тойламаған! Бұл мереке қоғам бірлігін бұзады». Этнографтар осылай дабыл қағуда. Олар мұндай шараларды өткізу ұлт тағдырына балта шабқанмен тең дейді. Ал жеке меншік мерекесін дүркіретіп тойлауды жөн көретіндер бұл ескіліктің пікірі екенін айтады. Кімдікі дұрыс? Бұл сұраққа бүгін өзі 21 жасқа толған әріптесім жауап іздеді.

Туған күнді көбі асыға күтеді. Сыйлық аласың, көпшіліктің ықыласына бөленіп, жылы лебіз естисің. Сыйлық демекші, танымайтын адам аяқ асты келіп «бүгін менің мерекем, не сыйлайсың» десе, не дер едіңіз? Жылына бір рет келетін күнімді пайдаланып мен де алдымнан кезіккеннің бәріне, осы сұрақты қойдым.

Аружан ЗАДАБЕК, ТІЛШІ:

Туған күнде тапқам олжам – осы. Бүгін туған күнің ғой деп, танымаса да, қолындағы барын берген барша адамға алғысым шексіз!

Туған күнім ғой деп, еркелеп алғаным рас. Мақсат – көрінгеннен сыйлық алу емес, жұрттың мерекеге деген ықыласын көрсету болды. Қазір қоғамда «туған күнді тойлау дұрыс па?» деген сұрақ қызу талқылануда. Бірі – қолдаса, енді бірі – бұл ысырапшылдықтың белгісі екенін айтады.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

– Туған күніңізді күн санап күтесіз ба? – Жоқ. – Мен ұмытып кетемін туған күнімді. – Сіз үшін аса маңызды күн емес? – Аса маңызды емес. Бірақ кейде тойлаймын.

– Туған күн тойлайсыз ба? – Жоқ, тойламаймын.

- Былай дүрілдетіп тойламаймыз ғой. Өзіміз отбасымыз, бала-шағамызбен.

- Туған-туысқан, балалармен тойлаймыз.

- Тойлаймыз мүшелдерді.

Бұл кісінің «мүшелдерді тойлаймыз» деген сөзінде жан бар. Өйткені, этнограф-тарихшылар қазақ тек мүшел жасын атап өткен деген тұжырым айтады. Ал әр жасын тойға балайтындардың әрекеті дұрыс емес, бұл Еуропадан келген дейді.

Лариса АЛДАБЕРГЕН, ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІСІ:

Белгілі қоғам қайраткері, дипломат Сайлау Батыршаұлы өзім жұмыста отырғанда бір құрбымның туған күніне сұрандым. Сонда маған қатты есімде қалып қойғаны, «осы біздің қазақтың жастарын туған күн тойлаған құртады, отырыңыз» деп мені сонда жібермей қойған. Өзім туған күн тойлауды қатты құптамаймын.

Ал психологтар бұған не дейді?

Серікүл САЛИ, ПСИХОЛОГ:

Туған күнді атап өту, сол күнге назар аударудың кері әсері жоқ. Дұрыс, жақсы нәрсе. Ең бірінші кезекте, туған күнде жақын адамдармен жиналады, отбасымен, туғандарымен, дорстарымен, жақындарымен тамақ ішу деген психолоргиялық тұрғыда адамдарды біріктіреді, стресті түсіреді.

Ежелден, шіркеу секілді діни орындар туған күн тойлауға рұқсат бермеген. Себебі, адам жасы қаншалықты ұлғайса, оның күнәлары да соншалықты көп болады деп есептейді. Бірақ, тұрғындардың көбі бұл пікірге қарсы екенін байқадық. Жұрт жылдың бір күнін ерекше қарсы алып, жалғыз емес екеніңді сезіну артық етпейді дейді.