Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

"Сын көтере алмайды": Бауыржан Ибрагимов Тұрсынбек Қабатовты сынап тастады

AstanaTV
15.06.2023ж. 21:10
1536
"Сын көтере алмайды": Бауыржан Ибрагимов Тұрсынбек Қабатовты сынап тастады

Танымал актер, “Бауыржан шоу” театрының негізін қалаған Бауыржан Ибрагимов “Уақыт көрсетеді” бағдарламасында әзілкеш, шоумен Тұрсынбек Қабатовты сынның астына алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

 Бағдарлама жүргізушісінің: “Тұрсынбек Қабатов сын көтеретін азамат па?” деген сауалына Бауыржан Ибрагимов: “Ол сын көтере алмайды-ау. Қабатовты актер емес дегенім, ол кәсіби актер емес деген сөз. Мысалы, мен архитектураны оқып, өнер менің хоббиім болса, мен өзімді ешқашан актермін деп айта алмас едім. Біз – дипломы бар кәсіби актерміз. Олар – КВН ойыншылары, анекдот айтатындар. Ол сахнаға шығады, өзінің тыңдарманы бар. Оған еш таласым жоқ. Бірақ ол актер емес. Біз образ жасайтын актерміз. Бізді соған оқытқан. Мен бір татардың образын жасау үшін бір сағат бұрын келіп грим жасаймын. Костюм, грим, сахнағады партнермен жұмыс дегеніміз – образ. Мен 15-20 минутсыз сахнадан кетпеймін. Өйткені қойылымның басы бар, аяғы бар. Қазіргі жастарға ол ұнасын, ұнамасын мен өз рөлімді алып шығуым керек. Қабатовтың айтып жүрген әңгімелерін біз 1982 жылы театр институтына түсейін деп жүргенде айтып тастағанбыз”, – деп жауап берді.