Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

"Денсаулығында ақауы барларды әскерге баруға мәжбүрлемейміз" : Министрлік көшеден ұстап, әскерге алып кету жағдайларына түсінік берді

AstanaTV
15.06.2023ж. 23:14
1038
"Денсаулығында ақауы барларды әскерге баруға мәжбүрлемейміз" : Министрлік көшеден ұстап, әскерге алып кету жағдайларына түсінік берді

Қазақстан Қарулы Күштерінің бас штабы азаматтарды көшеден ұстап, мәжбүрлі түрде әскерге алып кету жағдайларына түсінік берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Stan.kz тілшісі Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте "азаматтарды көшеден ұстап, әскерге алып кету деректері көптеп тіркелуде. Сондай-ақ, денсаулық жағдайы әскерге баруға жарамаса да алып кететінін айтып шағымданғандар бар. Бұл мәселені қалай шешуше болады? Жастарды әскерге ынталандыру үшін министрлік басқа қандай шаралар қабылдап жатыр?", - деп сұрақ қойды.

Сауалға жауап берген ҚР Қарулы Күштерінің бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің офицері, подполковник Руслан Тапашев негізінде әскерге шақыруды ұйымдастыруға жергілікті атқарушы органдар жауапты екенін айтты.

“Әскерге шақыру жіберілген, бірақ өз еркімен пункттерге келмеген азаматтар бар. Сол себепті жергілікті атқарушы органдар тарапынан рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылады. Ол іздестіру жұмыстарына жергілікті полиция қызметкерлері тартылады. Сол себепті мұнда шақырту қағаздары бойынша әскерге шақыру пункттеріне келмеген азаматтар мәселесі болып отыр", - деді Руслан Тапашов.

Сонымен қатар ол әскерге шақыру бойынша медициналық комиссиялар бар екенін атап өтті.

"Бұл комиссиялар облыс көлеміндегі, республикалық маңызы бар қала көлеміндегі денсаулық сақтау басқармаларының басшылары, орынбасарлары тарапынан жүргізіледі. Шынымен денсаулығында ақауы бар азаматтарды әскерге шақыруға жол берілмейді. Жастарды әскерге ынталандыру үшін тегін жоғары білім, несие төлемін уақытша тоқтату сынды игі шаралар қолға алынып жатыр", - деді Руслан Тапашов.