Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

"Заңсыз айналымнан екі «Калашников» автоматы және 100 бірлік оқ-дәрі тәркіленді",- ҰҚК

16.06.2023ж. 18:23
645
"Заңсыз айналымнан екі «Калашников» автоматы және 100 бірлік оқ-дәрі тәркіленді",- ҰҚК

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жедел қызметкерлері Ақтау мен Тараз қалаларында қарудың заңсыз айналымы арнасының жолын кесу бойынша арнайы операция жүргізді. Аталған қылмысты жасады деген күдікпен республикамыздың бес тұрғыны ұсталып, оның екеуі тергеу изолияторына қамалды. Арнайы операция нәтижесінде заңсыз айналымнан екі «Калашников» автоматы және 100 бірлік оқ-дәрі тәркіленді. Қазір жедел-тергеу іс-шаралары жалғасуда.