Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Атырауда Жайық өзеніне батқан ағайынды екі жасөспірімнің бірінің денесі табылды

AstanaTV
17.06.2023ж. 11:51
944
Атырауда Жайық өзеніне батқан ағайынды екі жасөспірімнің бірінің денесі табылды

Атырауда Жайық өзеніне батып кеткен ағайынды жасөспірімдердің бірінің денесі табылды. Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды. Жайық өзеніне батқан ағайынды екі жасөспірімді іздеу 4 күн қатарынан жалғасып жатыр.

"3 маусым күні кешкі уақытта Атырау қаласы, Геолог поселкесі тұсында Жайық өзеніне 2 жасөспірім балалар суға батып кеткені туралы шақырту түсті. Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері дереу шақырту орнына жетіп іздестіру жұмыстарын бастады. Бір топ жасөспірімдер суға шомылуға тыйым салынған белгі орнатылған жерде шомылу кезінде 2007 және 2008 жылы туған жасөспірімдер суға батып кеткен. Сондай-ақ 13 маусымнан бастап (4 күн ішінде) Атырау облысы ТЖД жедел-құтқару жасағының сүңгуірлері жалпы ауданы 400 шаршы метрден астам, тереңдігі 2 метрден 17 метрге дейінгі ара қашықтықта су асты сүңгу жұмыстарын жүргізуде. 16 маусым күні 15 сағат 10 минут шамасында жасөспірімдер суға шомылған жерден 20 метр радиуста 12 метр тереңдікте 2008 ж.т. жасөспірімнің денесі құтқарушылардың көмегімен табылып, судан шығарылды", - делінген хабарламада.

Ал суға батқан екінші жасөспірімнің денесі әлі табылған жоқ.