Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Александр Недовесов Хертогенбос (Нидерланд) ATP 250 турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстандық теннисші эквадорлық Гонсало Эскобармен бірге жартылай финалда аустралиялықтар Алекс Де Минаур - Джордан Томпсонмен ойнауы керек еді.
Алайда қарсыластары белгісіз себептермен матчқа келген жоқ.
Қазақстандық-эквадорлық жұп финалда жарыстың бірінші ракеткалары, нидерландылық Уэсли Колхоф - ұлыбританиялық Нил Скупскимен бас жүлдені сарапқа салады.