Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Ұлттық құрылтай келесі жылы Атырауда өтеді

AstanaTV
17.06.2023ж. 13:53
2054
Ұлттық құрылтай келесі жылы Атырауда өтеді

Ұлттық құрылтайдың үшінші жиыны Атырау облысында өтетін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Осымен, Ұлттық құрылтайдың екінші отырысын қорытындылайық. Былтыр Ұлытауда, биыл киелі Түркістанда бас қосып, елдік мәселелерді талқыладық. Ел тарихында айрықша орны бар тағы бір аймақ – Атырау облысы. Ондағы әйгілі Сарайшық қаласында атақты хандарымыз ордасын тіккен. Мен Ұлттық құрылтайдың келесі отырысын осы шежірелі аймақта өткізуді ұсынамын. Елімізде лайым жақсылық көп болсын!», - деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркіста өтіп жатқан екінші Ұлттық құрылтайда.

Айта кетейік, Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысы былтыр 16 маусымда Ұлытау облысында өткен болатын.