Шымкентте қаңғыбас жануарлар ауланатын орында тұрғындар қорқынышты кадрларды суретке түсіріп алған. Онда бірнеше мысықтың өлекселері жерде жатқаны көрінеді. Кейбір жануарлар бөліктерге бөлінген.
Кадрларды Қазақстандағы жануарларды қорғау қауымдастығы Instagram-парақшасында жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бірнеше сағат ішінде жазбаға жүздеген пікір жазылған:
"Жануарларға осылай қарайтын елдің болашағы жоқ".
"Не істеп жатырсыздар? Адамдар. Шымкент. Ауууу. Бұл сұмдықты тоқтатыңыздар".
"Мұны әлемдік БАҚ көргенше мәңгілікке жалғасады, репост жасаңыздар".
"Экология министріне жіберіңіздер, ол жануарларды өте жақсы көреді, барлық сұхбатында оларға деген сүйіспеншілігі, вегетариандық және т.б. туралы айтады".
"Мұны кім тоқтата алады??? Біз құқықтық мемлекетпіз бе? Немесе қалағанымыздың бәрін жасай аламыз ба?"