"Қызыл раушан" әнінің орындаушысы Ұланғасыр Қами әншілерге салық салынған жағдайда не істейтінін айтты.
Бұл туралы БазарLike бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Бағдарлама барысында жүргізуші: "Әншілер әрбір той мен концерттен түскен қаражатының он пайызын мемлекетке салық ретінде беріп отыруы керек болса, не істейсіз?", - деп сұраған болатын.
Бұл сұраққа жас әнші тез жауап қатты.
"Не үшін беруім керек? Өйткені, жаңағы ақша кімге кетеді? Бюджеттің ақшасы мемлекетке кетеді. Мені әнші қылып отырған мемлекет емес. Бұл дұрыс бастама емес. Әншілік деген жалпы бір мамандық немесе арнайы бір жұмыс та емес. Әнші болғым келді, қолдайтын жан табылды. Мемлекетке не үшін беруім керек?", - деді Ұланғасыр Қами.