Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Шығыс Қазақстанда тағы бір орман өртеніп жатыр

AstanaTV
18.06.2023ж. 09:06
1037
Шығыс Қазақстанда тағы бір орман өртеніп жатыр

Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай ауданында орман өртеніп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 17 маусымда Катонқарағай ауданындағы «Катонқарағай ұлттық табиғи паркі» РММ Ақсу филиалының аумағында (Усть-Язовское орманшылығы) жетуі қиын таулы жерде өрт шыққан. Қызыл жалын шөп пен бұталарды шарпып жатыр.

Алдын ала дерек бойынша тілсіз жау тараған аумақ – 15 гектар. Өртті сөндіруге «Қазавиаорманды қорғау» қызметкерлері, орманшылар, жергілікті атқарушы органдар, ТЖД өрт сөндірушілері жұмылдырылды.

«Барлығы 111 адам, 3 техника және ШҚО әкімі аппаратының әуе бөлімшесінің 2 тікұшағы жұмыс істеуде. Жалынмен күреске жұмылдырылған адамдар сол жерге тікұшақпен жеткізілді, өйткені жер бедері автотехникамен жүруге мүмкіндік бермейді. Елдімекендерге қауіп төніп тұрған жоқ», - делінген ақпаратта.