Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Тоқаев медицина қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады

AstanaTV
18.06.2023ж. 09:11
798
Тоқаев медицина қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев медицина қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады.

Мемлекет басшысы медицина қызметкері күніне орай Twitter-дегі парақшасында құттықтау жариялады.

"Медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Сіздер өз міндеттеріңізді абыроймен атқарып, ел құрметіне бөленіп жүрсіздер. Ұлт саулығы – басты байлығымыз. Мемлекет денсаулық сақтау саласына әрдайым ерекше назар аударып, дәрігерлерге үнемі қолдау көрсетеді", - деп жазды Президент.

Бүгін – медицина қызметкері күні. Бұл мереке маусым айының үшінші жексенбісінде тойланады.