$498.34 €519.72 ₽4.85
×

"Рахмет, папа… Маған берген қанаттарың үшін". Димаш Құдайберген атасына арнап әсерлі жазба қалдырды

AstanaTV
18.06.2023ж. 10:40
1556
"Рахмет, папа… Маған берген қанаттарың үшін". Димаш Құдайберген атасына арнап әсерлі жазба қалдырды

Атасын ақтық сапарға шығарып салған Димаш Құдайберген Instagram парақшасында әсерлі жазба жариялады.

Ол атасын әке деп, рухани тәлімі үшін рахмет айтады. Бұл туралы Massaget.kz жазады. 

"Рахмет, папа… Маған берген қанаттарың үшін, маған көкке қалай көтеріліп, көкжиегімді кеңейтуді үйреткенің үшін, 100 мектеп бере алмайтын рухани тәлімің үшін…Саған деген алғысымды сөзбен жеткізе алмаспын. Айтқандарымнан айтып, үлгермегендерім көп. Қош бол,әкетай! Мәңгі жүректесің! Жаның жұмақтан орын тапсын. Сенің,кенжетайың… Барлық көңіл айтып жатқан ағайындарға, Алла разы болсын! Отбасыларыңызда қайғы-мұң болмасын…"