Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Төрт сағатқа созылды: Түркістандық дәрігерлер 9 келі ісікті алып тастады

AstanaTV
18.06.2023ж. 11:39
1116
Төрт сағатқа созылды: Түркістандық дәрігерлер 9 келі ісікті алып тастады

Түркістан облыстық клиникалық ауруханасы дәрігерлері науқасқа ота жасап, 9 келі ісікті алып тастады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Түркістан облыс орталығына айналғалы ондағы денсаулық саласын дамытуға ерекше көңіл бөлініп жатыр. Осыған орай, ауыл-аймақтарда медициналық нысандар салынып жатса, кей жерлерде тың тәжірибелер іске асырылып келеді. Дәлірек айтсақ, Түркістан облыстық клиникалық ауруханасында онкохирург дәрігерлері 1991 жылғы науқасқа ота жасады. Нәтижесінде оң жақ бүйрекпен бірге 9 келі ісікті алып тастады.

Операция өте күрделі болды, шамамен төрт сағатқа созылды. Алайда, дәрігерлердің тәжірибелі болғанының арқасында ота сәтті шықты. Және тағы бір қуанарлығы – операциядан кейінгі материалды гистологиялық тексеру ісіктің қатерсіз екені анықталды. Онкохирург Е.Ақбердиевтің айтуынша, қазіргі уақытта науқастың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.