×

Ішімдік ішкен Астана тұрғыны суға түспек болып, көпірден секірді

AstanaTV
18.06.2023ж. 15:33
914
Ішімдік ішкен Астана тұрғыны суға түспек болып, көпірден секірді

Астанада ішімдік ішкен ер адам суға шомылмақ болып, киімімен көпірден секірген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгін, сағат 11.25-те елордада Төтенше жағдайлар департаменті Жедел-құтқару жасағының бөлімшесі Есіл өзенін қайықпен патрульдеу кезінде»Серуен«жаяу жүргіншілер көпірінен өзенге секірген адамды құтқарды. 35-40 жас шамасындағы ер адам мас күйінде суға түсіп, батып кете жаздады», - делінген Төтенше жағдайлар министрлігінің Telegram-арнасында.