Елордада Kaspi банктің ғимаратында қаруланған ер адам тұрғындарды кепілге алды.
«Достық көшесіндегі Каспий банкінің ғимаратында ер адам мекемеге келушілермен бірге ішінен есікті құлыптап алған туралы хабарлама келіп түсті. Алдын ала мәліметке сай, ер адам қарулы. Оқиға орнында полиция қызметкерлері ер адаммен келіссөз жүргізіп жатыр», - делінген polisia.kz порталының телеграм арнасында жарияланған хабарламада.
Құқық қорғау қызметкерлері елорда тұрғындарынан сабыр сақтап, құзырлы органдардың қызметіне кедергі келтірмеуді сұрайды.
Ақпарат құралдарының хабарлауынша, ер адам шамамен- 30 жаста. Оның тапаншасы бар. Ол Kaspi-дің барлық активін мүгедек балаларға, кедейлер мен мұқтаждарға арналған қорға аударуды талап етіп отыр. Талапты орындауға 3 сағат уақыт беріп, кепілге алынғандарды өлтіремін деп қорқытқан. Ол жеті қыз бен бір күзетшіні кепілге алған.