Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Кепілге алынғандар да, басқыншы да зардап шеккен жоқ - ІІМ

AstanaTV
18.06.2023ж. 17:23
878
Кепілге алынғандар да, басқыншы да зардап шеккен жоқ - ІІМ

Kaspi bank ғимаратында күштік операция сәтті жүргізілді. Барлық кепілге алынғандар босатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Kaspi bank ғимаратында күштік операция сәтті жүргізілді. Барлық кепілге алынғандар босатылды!
Кепілге алынғандар полиция штурмынан кейін босатылды. Барлық қызметкерлер шығарылды.
Басып алушы қауіпті емес!
Барлығын дәрігерлер тексерді. Кепілге алынғандар да, басқыншы да зардап шеккен жоқ», - делінген ресми хабарламада.

Басқыншымен келіссөзді ішкі істер министрі М. Ахметжанов жүргізген. Ол сондай-ақ, күштік операцияны басқарды.