Спорт Қазақстан
$439.4 €473.54 ₽4.76
×

Қазақстандық әйел Грузияда кісі қолынан қаза тапты

AstanaTV
19.06.2023ж. 15:04
1015
Қазақстандық әйел Грузияда кісі қолынан қаза тапты

Қазақстан азаматы Жанбота Төлеген Грузияда кісі қолынан қаза тапты. Бұл ақпаратты еліміздің Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров растады.

«Қазақстан азаматының Грузияда кісі қолынан қаза тапқаны рас. Осы жылдың 24 мамырында Қазақстанның Тбилиси қаласындағы Елшілігіне Телави қаласының құқық қорғау органдарынан Қазақстан азаматының кісі қолынан қаза тапқаны туралы ақпарат түсті. Күдікті адам ұсталды, тергеу жүріп жатыр. Тергеу мүддесіне орай өлтіру мән-жайы мен күдікті жайлы мәліметтер жарияланбайды», - деді Айбек Смадияров.

Оның атап өтуінше, Қазақстан азаматы Грузияға жеке сапармен барған және оқиғаның кәсіби қызметіне қатысы жоқ.

«Қайтыс болған азаматтың денесі Отанына жеткізіліп, 2 маусымда жер қойнына берілді. Грузиядағы Қазақстан консулы жергілікті құқық қорғау органдарымен үнемі байланыста және бұл мәселені бақылауында ұстап отыр», - деді ресми өкіл.