Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Ер адам итті көлігіне байлап сүйреген

AstanaTV
19.06.2023ж. 15:09
779
Ер адам итті көлігіне байлап сүйреген

Өзбекстанда қасқой итті көлікке байлап, жол бойымен сүйреген, - деп хабарлайды Massaget.kz. 

Mehr va oqibat жануарларды қорғау қоғамы оқиғаның видеосын жариялады. Nexia көлігінің иесі итті жүксалғышына байлап, оны басқа жүргізушілер тоқтатқанша ұзақ сүйреп жүрген.

Басылымы мәліметінше, көлік иесі мен оның туысы бұл әрекетті қастандық деп бағаламай, керісінше оларды тоқтатқан жүргізушілерді балағаттай бастаған. Олар итті көлік салонына мінгізгісі келмеген, сондықтан оны осылай сүйреп тасымалдауды шешкен.

Жануарларды қорғаушылар Ішкі істер министрлігінен бұл көліктің иесін заң бойынша тауып, жазалауды сұрады.