Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Астананы қалың сары түтін басты

AstanaTV
19.06.2023ж. 15:46
1335
Астананы қалың сары түтін басты

Астанада өрт пен түтіннің иісі күшейді. Өрт шыққан орынға техника мен өртсөндірушілер жіберілді, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Таңертең өрттің иісі тек "Хан шатыр" сауда үйінің артындағы аумақта ғана сезілсе, қазіргі уақытта сол жағалауда толықтай сезіледі. ЭКСПО аумағы мен жаңа мешітте қою түтін бұлттары анық көрінеді.

Елорда да иіс пен түтіннің пайда болуына Қорғалжын тас жолы мен Қосшыға қарай өтетін айналма жол арасындағы қураған ағаштың өртенуі себеп болған.

Осыған дейін Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті өртті жоюға жеке құрамның 15 адамы мен 3 техникасы бар өрт сөндірушілер жіберілгенін хабарлаған болатын. Дегенмен, қазіргі уақытта өртті сөндіруге қосымша техника мен өрт сөндірушілер жіберілді.

"Қазіргі уақытта Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамының 100 адамы мен 10 техникасы бар өрт сөндірушілер, сондай-ақ қала әкімдігінің суару машинасының 8 техникасы өртті сөндіру үшін жұмыс істеп жатыр", - деп хабарлайды Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.