Қарағанды қаласында қатты дауыл тұрып ойын алаңында жүрген екі бала ауыр жарақаттанды.
Қатты дауыл қаланың астаң-кестеңін шығарды. Ағаштар құлап, бір ғимараттың шатырын ұшырды. "Көгілдір тоғандар" ықшам ауданында көгал жамылғысын жұлып әкеткен. Бұл жасанды төсенішті мердігер мекеме өткен аптадан бері жая бастағанымен толық бекітпепті. Жергілікті әкімдік әлі пайдаға берілмегенін хабарлады. Ал ойын алаңында жарақаттанған балалардың біреу қазір жансақтау бөлімінде. Дәрігерлер өмірімен күресіп жатыр.
Ерік ШОНБАЕВ, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ СИТУАЦИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:
2014 және 2015 жылғы екі бала зардап шекті. Олар травматология орталығына жеткізілді. 2015 жылғы бала көп жарақаты болғандықтан Мақажанов атындағы аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылды. Жағдайы - ауыр. Ал 2014 жылғы бала клиникалық балалар ауруханасының хирургия бөлімінде. Жағдайы-орташа ауыр.