Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

АҚШ «панамагейт» тізімі аясында Ресейге қарсы санкциялар санын көбейтуі мүмкін

AstanaTV
07.04.2016ж. 20:00
1223
АҚШ «панамагейт» тізімі аясында Ресейге қарсы санкциялар санын көбейтуі мүмкін

АҚШ «панамагейт» тізімі аясында антиресейлік санкциялар санын көбейтуі мүмкін. Bloomberg агентігінің хабарлауынша, атышулы тізімде жаңа есімдер анықталса, оларды АҚШ-тың қаржы министрлігі бірден қара тізімге енгізбекші. Оның жаңарған нұсқасы маусым айында жарыққа шығады.

Еске салсақ, Барак Обама наурыздың басында Ресейге қарсы санкцияларды тағы бір жылға ұзартқан. Сондай-ақ Панамада мемлекеттің қаржылық саясатын зерттейтін тәуелсіз комиссия құрылмақ. Ел билігі осы арқылы «офшор» мәселесі бүкіл әлем үшін түйткілді мәселе екенін көрсетуге тырысуда, деп хабарлады Рейтерс.

Өткен демалыс күні «Mossack Fonseca» компаниясы салықтан жалтарған қалталы азаматтардың ақшасын артық есеп-ақпаратсыз өз қорында сақтап келгені мәлім болды. Неміс басылымы жариялаған ақпаратта АҚШ, Канада және Австралиядан басқа әлемнің барлық елдерінің танымал азаматтары бар. Олар ірі көлемдегі ақшаларын мемлекеттен тыс офшорлық компанияларда жасырған.