$533.61 €621.07 ₽6.78
×

Қызылорда облысында егіз сәбиін сатты деген күдікті әйел анықталды

AstanaTV
19.06.2023ж. 19:40
1417
Қызылорда облысында егіз сәбиін сатты деген күдікті әйел анықталды

Қызылорда облысында егіз сәбиін сатты деген күдікті әйел анықталды.

«Қызылорда облыстық ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында 2023 жылы туған сәбилерін сатқан 44 жастағы облыс тұрғынын анықтады», - делінген хабарламада.

Аталған оқиғаға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 135-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

«Күдікті анықталып, қазір тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды», - делінген полиция хабарламасында.