$533.61 €621.07 ₽6.78
×

Талдықорған маңында жол апатынан екі адам қаза тапты

AstanaTV
19.06.2023ж. 21:33
1089
Талдықорған маңында жол апатынан екі адам қаза тапты

Талдықорған маңында көлік апатынан екі адам қаза тапты.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, қайғылы оқиға Талдықорған – Үштөбе айналма жолында болған.

«Mitsubishi Pajero автокөлігі КамАЗ жүк көлігімен соқтығысты. Mitsubishi Pajero-ны 32 жастағы ер адам басқарған, ол жолаушысымен бірге оқиға орнында көз жұмды. Сондай-ақ 34 жастағы әйел түрлі жарақатпен қалалық ауруханаға жатқызылды», - делінген хабарламада.

Қажетті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.