$498.34 €519.72 ₽4.85
×

"Кім не десе, о десін". Танымал композитор 46 жасында тұрмысқа шықты

AstanaTV
20.06.2023ж. 10:32
2325
"Кім не десе, о десін". Танымал композитор 46 жасында тұрмысқа шықты

Танымал композитор, журналист Ғалия Шаудырбаева 46 жасында тұрмысқа шықты. Бұл жаңалықты ол Instagram-парақшасында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Оның сөзінше, алғаш танысқан кезде болашақ жарының нөмірін "менің күйеуім" деп сақтаған.

"Кеше - мен гүлге оранған күн. Бақытты болу ешқашан кеш емес. "Маған ешкім қарамайды, мені ешкім алмайды, жігіт жоқ, қыз жоқ" демей, жүректеріңізді тыңдаңыздар. Аллаһ тағала сізді жұбыңызбен жаратқан.

"Күйеуіңізбен қалай таныстыңыз?" деген сұраққа жауап берейін. Сермұханның суретін көргенде-ақ менің жүрегім сезді. Телефон номерімді сұрап хабарласты. Сөйлестік. Номерін "Менің күйеуім" деп сақтадым. Қыз-жігіттерге лайфхак болсын.

Бұл - өмір ғой. Кеше тойда маған тілектес игі жақсыларым, туыс-туған, дос-жараным жиналды.

Мен - Еділмін, Жайықпын,

Таға алады айып кім?

Кім не десе, о десін,

Мен бақытқа лайықпын.

Бойдақ қыз-жігіттерге эстафета кетті, бір бастарың екеу болсын

"54 жасында бақытын тапты" депті. Енді сол видео тарап кете ме)? 46 жасымда 46 жасар өз бақытымды таптым, шүкір", - деп жазды ол.