«ASTANA TV» телеарнасынан «Лакшми» атты жаңа телесериал көрсетілуде. Сұлу да сүйкімді Лакшмидің ата-анасы дүниеден өтеді. Нағашы әпкесі жетім қызға қолдау көрсетудің орнына оны сүймегенге күйеуге беріп, мұрасын қалтаға басып алмақшы. Дәл сол кезде Лакшми сәнді қонақүйдің сымбатты әрі келбетті иесін кездестіреді. Ол жігіт қыздың көңілін алып, өмірін ертегіге айналдыра бастайды. Алайда, Лакшми бұл мінсіз адамға тұрмысқа шықаннан кейін кенеттен бұл некенің жалған екенін біледі. Ал күйеуінің өлімнен сақтану үшін отбасын құруға мәжбүр екені белгілі болады. Жаңа телесериалды күн сайын арнамыздан сағат 22:50-де көре аласыздар.