$532.74 €617.23 ₽6.77
×

Бұрынғы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы 8 жылға сотталды

20.06.2023ж. 20:00
1197
Бұрынғы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы 8 жылға сотталды

Бұрынғы Мәдениет және спорт министрі, Ұлттық музейдің экс-директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы 8 жылға сотталды. Сондай-ақ, осыған дейін алған мемлекеттік наградалары мен атақ-дәрежелерін кері қайтарады. Ал оның сыбайластары «Алтын адам шеруі» көрмесін өткізуге бөлінген 221 миллион теңгеден астам қаржыны жымқырды деген айыппен 7 жылға бас бостандығынан айырылды.