Спорт Қазақстан
$439.4 €473.54 ₽4.76
×

Абай облысында 15 жасар қыз жоғалып кетті

AstanaTV
21.06.2023ж. 07:23
729
Абай облысында 15 жасар қыз жоғалып кетті
Сурет: Telegram/polisia.kz

Абай облысының полицейлері із-түзсіз жоғалып кеткен 15 жасар қызды іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

"19 маусымда сағат 15:00-де кәмелетке толмаған қыз бала үйден белгісіз бағытта шығып кетіп, сол күйі кері оралмаған. Сұр түсті джинсы киген Александро Юрченконың иығында қара рюкзагы бар", делінген полиция хабарламасында.

Жасөспірімнің өзге де белгілері: спорттық дене бітімді, көзі жасыл түсті, шаштары ақшыл, иығынан төмен түсіп тұрады.

Іздестіріліп жатқан жасөспірімге қатысты қандай да бір ақпарат білетіндер болса, мына нөмірлерге хабарласу сұралады: +7 (707) 951-46-65, +7 (707) 503-26-43 немесе 102.