Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Алматы-Атырау жолаушылар пойызында ұл бала өмірге келді

AstanaTV
21.06.2023ж. 12:10
719
Алматы-Атырау жолаушылар пойызында ұл бала өмірге келді

Алматы-Атырау бағытындағы №29/30 жолаушылар пойызының бригада мүшелері жолаушыны босандырып алуға мәжбүр болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 19 маусымда болған. Алматы-Атырау бағытындағы №29/30 жолаушылар пойызының бригада мүшелері Ноғайлы стансасына жетпей шұғыл түрде жолаушыны босандырып алуға мәжбүр болды.

Жолсеріктер толғағы келген әйелге көмектесу үшін барлық қажетті шараларды қолданды, ол жайлы пойыз машинисіне хабарланып, жақын маңдағы станцияға жедел жәрдем шақырылды. Ұл баланың өмірге келуіне жолаушылар да көмектескен.

«Біз жолсеріктеріміз Балғаным Қарин мен Ақмамық Бекеноваға алғыс айтамыз. Пойыз бригадасы мен жолаушылардың үйлесімді жұмысының арқасында пойызда бала аман-есен дүниеге келді», - дейді вагонның жолсерігі Марал Әділбекова.

Сағыз стансасына жеткен соң жаңа туған нәрестемен анасы жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырылды.