Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Қарағанды облысында Нұра өзенінен екі адамның денесі табылды

AstanaTV
21.06.2023ж. 14:06
823
Қарағанды облысында Нұра өзенінен екі адамның денесі табылды

 Қарағанды облысы, Абай ауданының Самарка ауылының маңында Нұра өзенінен екі адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

18 маусымда сағат 21:50-де Абай ауданы Самарқа ауылының маңында 1986 жылы туған әйел мен 1987 жылы туған ер адам жоғалып кеткені туралы хабар келіп түсті. Іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің күштері жұмылдырылды. Келесі күні сүңгуір құтқарушылар жоғалғандардың денелерін Нұра өзенінен тауып, алып шықты.

«19 маусым сағат 15:25-те ТЖД сүңгуір-құтқарушыларының күшімен Нұра өзенінен жоғалған әйелдің денесі табылды. Екінші жоғалған адамның денесі 20 маусымда сағат 16:05-те іздеу басталған жерден 3,5 шақырым жерде Нұра өзенінен табылды», - деп хабарлады Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта полиция бұл адамдардың өлімінің мән-жайын анықтап жатыр.

«Бұл факт полицияда тіркелген. Қажетті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша процессуалды шешім қабылданады», - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.