Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Қостанайда рұқсат берілмеген балалар лагерлері жұмыс істеп жатыр

AstanaTV
21.06.2023ж. 16:29
594
Қостанайда рұқсат берілмеген балалар лагерлері жұмыс істеп жатыр

Қостанай облысындағы жеті балалар лагері жұмысқа рұқсат алса, тағы екі сауықтыру ұйымы тексеруді күтумен келеді, деп хабарлайды BAQ.KZ сол өңірдегі тілшісі.

Қостанай облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бізге берген мәліметі бойынша, жазғы маусымның ашылуына дейін балалар лагерлерінде жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары ғана емес, түрлі зиянкестерге қарысы профилактикалық іс-шараларды да жүргізілуі тиіс екен.

Балаларды кене шағуынан қорғау үшін демалыс базасының аумағында кенеге және түрлі зиянкестерге қарсы тазалу жұмыстары жүргізіледі. Су құбыры желілері де толығымен жуылып, дезинфекцияланады. Су қоймалары мен бассейндердегі сулар, маңайындағы топырақ пен құмның құрамы тексеріледі. Бұдан басқа, барлық нысан ауыз сумен, ыстық сумен, кәріз желісімен, жарықпен үздіксіз қамтамасыз етілуі тиіс, - деп атап өтті департамент өкілдері.

Қазіргі таңда санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысыз балаларды қабылдауға демалыс орындарына тыйым салынған. Осы талаптарға сай келген қала сыртындағы жеті сауықтыру лагері атап айтқанда Рудный қаласындағы «Бүркіт», «Чайка» Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының генералы Бәкіров атындағы шипажай, Алтынсарин ауданына қарасты «Болашақ», Меңдіқара ауданына қарасты «Лесная сказка», Денисов ауданына қарасты «Солнечный», Қостанай ауданына қарайтын «Алтынгүл» балалар лагері жұмысқа рұқсат алыпты.

Тағы екеуі Арқалық қаласындағы«Строитель» мен Қарабалық ауданындағы «Достық» балалар сауықтыру лагерлерінде тексеру жүріп жатыр.

Бір қызығы осы соңғы екі демалыс орнында қазіргі таңда балаларды қабылдап толық жұмыс істеп жатыр. Сонда бұларға рұқсатты кім берді деген заңды сұрақ туындайды. Бұл сауал ашық қалпында қалып отыр.