Спорт Қазақстан
$441.44 €473.09 ₽4.75
×

Роналду әлемдік рекорд орнатып, Гиннестің рекордтар кітабына енді

AstanaTV
21.06.2023ж. 17:34
690
Роналду әлемдік рекорд орнатып, Гиннестің рекордтар кітабына енді

"Әл-Наср" командасының және Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду Исландияға қарсы ойнады. Осылайша ол ұлттық құрама сапындағы 200-матчін өткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Бұл қазіргі таңда әлемдік рекорд болып отыр. Себебі бұған дейін ешқандай футболшы ұлттық құрамада 200 ойын өткізбеген.

Роналду Гиннестің рекордтар кітабына еніп, оған сертификат табыстады.

Еске салайық, Криштиану Роналду Португалияның ұлттық құрамасында алғашқы ойынын 2003 жылы өткізді. Бүгінгі күнге дейін ұлттық құрама сапында 122 гол салып, 43 рет нәтижелі пас берген.