Спорт Қазақстан
$443.72 €482.28 ₽4.9
×

"Қырсық шалды". Әбдіжаппар Әлқожа адам қағып кете жаздағанын айтты

AstanaTV
21.06.2023ж. 18:46
954
"Қырсық шалды". Әбдіжаппар Әлқожа адам қағып кете жаздағанын айтты

Танымал әнші Әбдіжаппар Әлқожа Instagram-парақшасында жолда итті қағып кеткенін айтты. Әншінің айтуынша, ол Ұзынағашта бір адам қағып кете жаздаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өнер иесі Алматы-Шымкент бағытындағы жолда оқыс оқиғаға тап болған. Әнші бұл туралы Instagram Stories-інде бөлісті. 

"Сынақ бердің, Алла! Аман еттің, Алла! Мал-жанның садағасы. "Асықпаған арбамен қоян аулайды" демекші, асықпай Шымкентке жетіп алдық. Біз ит қағып кеттік. Достарым, бауырларым алаңдап, хабарласып жатыр. Алла разы болсын! Көп рақмет! Бір досым: "Сен қаққан ит бақытты болып өлген шығар" дейді. Сонда иттің бақытты болуы үшін менің көлігімнің быт-шыты шығуы керек пе еді?" - дейді әнші.

Әбдіжаппар Әлқожа айтуынша, о баста жолға шыққанда ниет дұрыс болмаған. 

"Өмірдің өзі сабақ қой. Алғашында ниеттің өзі дұрыс болмады. Жолға ниеттеріңізді түзеп шығыңыздар. Ұзынағашта бір адам алдымыздан жүгіріп шығып, қағып кете жаздадық. Сөйтіп, қырсық шалды. Алла бізді жақсы амалдарымыз үшін сақтап қалды-ау деп ойлаймын. Өлуші ит болсын. Соның бәрін түсініп, қорытынды жасап келе жатырмын", - деді Әбдіжаппар Әлқожа.