$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Жеке және заңды тұлғаларға 2 миллион гектардан астам жер конкурссыз берілген

21.06.2023ж. 20:00
772
Жеке және заңды тұлғаларға 2 миллион гектардан астам жер конкурссыз берілген

Енді конкурссыз жайылым жер берілмейді. Бүгін мәжіліс депутаттары заң жобасын қабылдады. Жер ресурстарын басқару комитетінің деректері бойынша, жеке және заңды тұлғаларға 2 миллион гектардан астам жер конкурссыз берілген. Енді жайылымдарды беру, конкурс өткізу және жерді резервке қою қабылданған жоспарға сәйкес жүргізіледі. Конкурстан өткен шаруа алған жайылым жерді 5 жыл пайдалана алады. Жер пайдаланушыларға жайылымдардың айналасында қазба жұмыстарын жүргізуге, траншеялар қазуға болмайды. Анықталған жағдайда жауапкершілік жүктеледі.

Нұржан ӘШІМБЕТОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Ауыл шаруашылығы кооперациясын дамытуды ынталандыру үшін кооперативтердің жер конкурстарына қатысуы кезінде оларға қосымша балл беру артықшылығы ұсынылады.

Семей ядролық полигон аумағына мемлекеттік бақылау күшейтіледі. Мәжіліс «Семей ядролық қауіпсіздік аймағы туралы» заң мен түзетулерді қабылдап, сенатқа жолдады. Заң жобасы радиациялық және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында әзірленген.

Еділ ЖАҢБЫРШИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Уәкілетті органның Семей ядролық қауіпсіздік аймағының паспортын тіркеуге арналған құзыретін нақтылауға, ядролық қаруды сынау жүргізілген жер учаскелеріне кешенді экологиялық зерттеп-қарау жүргізу әдістемесін әзірлеу мен бекітуге бағытталған түзетулерді енгізді. Бірқатар жаңа ұсыныстар уәкілетті органның қарамағындағы мемлекеттік кәсіпорындар қатарынан Семей ядролық қауіпсіздік аймағының жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті ұйымды белгілеу тәртібін нақтылауға бағытталған.