Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Жетісу облысында көлік апатынан 4 адам зардап шекті

AstanaTV
22.06.2023ж. 11:24
1020
Жетісу облысында көлік апатынан 4 адам зардап шекті

Жетісу облысында көлік апатынан 4 адам зардап шекті.

Бұл факті Ескелді ауданындағы Ақын Сара ауылында болды.

«21 маусымда ВАЗ-2114 автокөлігі аударылды. Оқиға кезінде жарақат алған 24-50 жас аралығындағы 4 ер адам ауруханаға жеткізілді. Алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үшеуі амбулаториялық емделуге жіберілді», - делінген Жетісу облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ескелді аудандық полиция қызметкерлері көлік апатының мән-жайын анықтауда.

Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды ескертеді.