$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Павлодар әкімдігі мен мердігер арасындағы дау бітер емес

22.06.2023ж. 20:00
838
Павлодар әкімдігі мен мердігер арасындағы дау бітер емес

Павлодар әкімдігі мен мердігер арасындағы дау бітер емес. Мәселе қаладағы Катаев көшесін жөндеуден басталған. Жол салған компанияға әкімдік ақшасын төлемей қойыпты. Өйткені, жаңа асфальттың сапасы көңілден шықпаған. Ақыры екі тарап бір-бірімен соттасып әлек. Бұған дейін мердігер облыстық сотта жеңіліс тапқан болатын. Алайда, олар сот шешімімен келіспей, аппелациялық шағым түсірген. Бірақ, сот шағымды қанағаттандырмай тастады.

Астаналық мердігер өткен жылы Катаев көшесіне жөндеу жүргізген. Алайда, компания жұмысы әкімдіктің көңілінен шықпады. Жолдың сапасыз екенін айтқан олар 304 млн. теңгені төлеуден бас тартқан. Ақыры іс сотта қаралып, мердігерді мемлекеттік сатып алулардың жауапсыз қатысушысы деп таныды.

Ермұрат БАЙҒҰРМАНОВ, СУДЬЯ:

Павлодар облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2023 жылдың 2 наурызындағы шешімі өзгеріссіз қалдырылсын! Аппеляциялық шағым қанағаттандырылмады. Шешім шыққан күннен бастап, заңды күшіне енеді.

Ал облыстық соттың бұл шешімімен мердігердің адвокаты келіспейді. Айтуынша, Павлодар соты әділ шешім шығарған жоқ.

Мұрат АДАМ, МЕРДІГЕР КОМПАНИЯ ӨКІЛІ, АДВОКАТ:

Мердігер жолды жөндеп берді. Біз жол жөндеуге кеткен түгел шығынды құжат жүзінде көрсеттік. Бірақ, әкімдік бізге тиын да төлеген жоқ. Бұл логика салып қарасаң, олар бізге жолды жөндетіп алып, ақыр соңында лақтырып кетті. Бұлай жасауға бола ма? Менің пайымдауымша, сот әкімдіктің жіберген қателігін жылы жауып отыр.

Ал әкімдік өкілдері мердігерге қысым көрсетті дегенмен келіспейді. Айтуларынша, барынша қолдау танытқан. Алайда жөндеген жолы сапасыз болғанын айтады.

Надежда ТВЕРДОХЛЕБ, ПАВЛОДАР ҚАЛАЛЫҚ ӘКІМДІГІНІҢ ӨКІЛІ, АДВОКАТ:

Мердігерлік ұйымның жұмысы сапасыз болды. Біз айтқан кемшіліктерді ескерген жоқ. Құжат жағынан көптеген олқылықтар болды. Сондықтан да, соттың шешімі әділ болды деп санаймыз.

Сот мердігердің атқарған жұмыстар актісін жарамды деп таныды. Бірақ, солай бола тұра, жауапсыз мердігер деуден танбай отыр. Осы бойынша мердігер енді Жоғары сотқа арызданбақ.