$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Ұжымдық қауіпсіздік келісімі ұйымының кездесуінде террористік ұйымдардың бірыңғай тізімін құру мәселесі талқыланды

AstanaTV
14.10.2016ж. 20:00
4766
Ұжымдық қауіпсіздік келісімі ұйымының кездесуінде террористік ұйымдардың бірыңғай тізімін құру мәселесі талқыланды

Террористтік ұйымдардың бірыңғай тізімі жасалмақ. Ереванда өткен Ұжымдық қауіпсіздік келісімшарт ұйымының жиынында осындай бастама көтерілді. Аталған тізім қатарына ұйымға мүше елдердің аумағында террористтік іс-әрекет жасауға тырысқан не ұйымдастырмақ болған топтар енгізілмек.

Басқосуда халықаралық экстремизм мен терроризмнің алдын алуға қосымша серпін беретін жоба да талқыланатын болады. Өйткені жыл санап террористік деп танылған ұйымдардың саны артып келеді. 2009 жылы 32 құрылым болса, 2010 жылы 47, ал бүгін 92-ге жетіп отыр.