Қонаев қаласында 28 жасар жігіттен екі қап марихуана табылды.
22 маусым күні Қонаев қалалық полиция басқармасы қызметкерлері Алматы облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының мамандарымен бірлесіп «Қарасора - 2023» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізді. Шара барысында 1995 жылғы азаматтың басқаруындағы көлік тоқтатылды.
«Автокөліктің салонында өсімдік тектес заттары бар салмағы 20 келіден асатын екі қап кептірілмеген марихуана тәркіленді.
Дерек ҚР ҚК 296-бабының 4-бөлімінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық құрамы белгілері бойынша тіркелді. Күдікті УҰИ-ға қамалды», - деп жазды ІІМ-нен.