Екібастұзда әйел адамды көлік қағып кетті.
Instagram әлеуметтік желісіндегі ekibasvteme паблигінде Бауыржан Момышұлы көшесінде екі жол-көлік оқиғасы болғанын және бір жағдайда адамды көлік қағып кеткенін хабарлады.
Облыстық жедел жәрдем станциясы баспасөз қызметінің мәліметінше, апат орнына шақыру 22 маусымда сағат 12:03-те түскен.
«103» бригадасы екі минуттан кейін оқиға орнында болды. Зардап шеккен 60 жастағы әйел Екібастұз қалалық ауруханасына жатқызылды», – деді жедел жәрдем станциясында.
Сол күні Павлодар тас жолындағы апаттан бес адам зардап шекті.