Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

"Тарихи нәтиже": Қазақстанның бірінші ракеткасы Ұлыбританиядағы турнирдің финалына шықты

AstanaTV
23.06.2023ж. 15:03
913
"Тарихи нәтиже": Қазақстанның бірінші ракеткасы Ұлыбританиядағы турнирдің финалына шықты

Жұптық сындағы Қазақстанның бірінші, әлемнің 53-ракеткасы Александр Недовесов Ұлыбританиядағы турнирдің финалына шықты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Илкли челленджер турнирінің жартылай финалында отандық теннисші мен эквадорлық Гонсало Эскобар бельгиялықтар Зизу Бергс - Йорис де Лоремен шеберлік байқасты. Тартысты өткен ойында 7:6 (7:3), 7:5, 10:5 есебімен қазақстандық-эквадорлық жұп жеңіске жетті. Ойын екі сағатқа жалғасты. Енді Александр Недовесов пен Гонсало Эскобар ақтық мәреде америкалық Роберт Гэллоуэй – аустралиялық Джон Патрик Смитпен бас жүлдені сарапқа салмақ.