Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Алматыда Mudarabah Capital қаржы пирамидасына қатысты сот үкімі шықты

Алматыда Mudarabah Capital қаржы пирамидасына қатысты сот үкімі шықты

Алматыда Mudarabah Capital қаржы пирамидасына қатысты сот үкімі шықты. 12 адам айыпты деп табылған. Олардың ішінде вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов бар. Мейіржан Төребаев ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысы жоқ деп танылды. Алайда Қылмыстық Кодекстің 217 бабы бойынша кінәлі деп айыпталып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Мейірхан Шерниязовқа да дәл сондай жаза кесілді. Алмас Құрманғалиев қаржы пирамидасын құрғаны және қылмыстық топты ұйымдастырғаны үшін кінәлі деп танылды. Ол 14 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді. Ал Руслан Бұрқанов 12 жылға бас бостандығынан айырылды.

Кәмшат САУРОВА, АЛМАЛЫ АУДАНДЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:

Мейіржан Төребаевқа ең төменгі қауіпсіздік колониясында бес жыл бас бостандығынан айыру тағайындалсын. Алмас Құрманғалиев - 15 жыл бас бостандығынан айыру. Дания Рахимова -12 жыл. Ержан Мансұров - 8 жыл. Ерлан Мансұров-8 жыл. Руслан Бұрқанов - 12 жыл. Тимур Рүстемов - 12 жыл. Андрей Ча - 12 жыл. Самат Казанов-12 жыл.

Айта кету керек, атышулы қаржы пирамидасы бойынша сот 9 қаңтарда басталып, 19-шы маусымда аяқталды. Аталған іске қатысы бар үшінші вайнер Әзімжан Саидбаевқа іздеу жарияланған.