Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Түрмедегі тіршілік

23.06.2023ж. 20:00
845
Түрмедегі тіршілік

Қырық қабат тас қамалдың ішіндегі жабық мекеме сырт көзден құпия. Дегенмен онда да өмір қайнап жатыр. Ауыр қылмыс жасап сотталғандардың өкініші мен оларды қас қақпай бақылайтын сақшылардың ауыр қызметі туралы келесі материалда.

Отряд бастығы Максим Певцовтың жұмысы сотталғандарды түгендеуден басталады. Олардың киімі, камераның тазалығы, бәрін мұқият тексереді. Бүгінде қатаң режимдегі колонияда 800-дей адам жазасын өтеп жатыр. Бәрі - ауыр қылмыс жасаған. Сондықтан әрқайсысына ерекше көңіл бөлу керек.

Максим ПЕВЦОВ БҚО, БОЙЫНША ҚАЖД 28 МЕКЕМЕСІНІҢ ОТРЯД БАСТЫҒЫ:

Сотталғандармен жұмыс қиын емес. Олар біз сияқты адамдар. Біздің промышленный зонада сотталғандар темірмен жұмыс жасап жатыр, ағашпен жұмыс жасап жатыр, сосын қалғандары токарь, слесарьлық жұмыстар бар.

Ауыр қылмыс жасап істі болғандардың көбі мұнда басқа қырынан танылады екен. Қолын қанға бояғандардың ішінде темір мен ағаш ұстасы көп.

Еркін КАРИН, ТІЛШІ:

Мұндағы бұйымдардың бәрі де осындағы жазасын өтеушілердің қолымен жасалған. мысалы мына нардыларға нарықта сұраныс жоғары көрінеді. Сонымен қатар қыз-келіншектердің ас үй жабдықтары, мысалы мына ет асатын астаудың бәрін де сотталушылар жасап шыққан. Бір қызығы, түрмеде домбыраны да жасап шығарған мұндағы шеберлер. Мына домбыраның әлі күйін келтіру керек. Былай жақсы, әдемі аспап шыққан сияқты. Бірақ енді бұған мамандар өз бағасын бере жатар.

Тар қапасқа қамалғандардың көбі спортпен шұғылданады. Сырт көзге бәрі де бір атаның баласындай тату. Бірақ оларды мұқият бақылаймыз, дейді мамандар.

Айнұр ҚАБИЕВА, БҚО ҚАЖ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ, ПСИХОЛОГ:

Спецконтингентпен жұмыс жасап жатқандықтан, қызметкерлерге өте қиын. Әсіресе психология жағынан, эмоционалдық жағынан қиын. Өйткені әрбір сотталғандардың өзінің ерекшеліктері болады, қиындықтары болады, әркімнің өз өмірі дегендей. Солардың барлығына қызметкерлер әрқайсысының бейімін табуы керек.

Мейрамбек ДӘУЛЕТОВ, БҚО БОЙЫНША ҚАЖД 28 МЕКЕМЕСІНІҢ БӨЛІМ БАСТЫҒЫ:

Көбіне аса ауыр қылмыс жасаған сотталғандар- бұл мекемедегілер. Босатылған жағдайда, мерзімінен шартты түрде босатылған жағдайда қайтып келіп жатқандары көп емес. Көбіне жазасын өтеу барысында өз сөздеріне қарағанда қателіктерін мойындап, алдағы уақытта жанұяларымен кездескісі келетінін мойындайды.

Сотталғандар жасаған ісіне өкінетінін жасырмайды. Жазасын өлшеулі өмірімен өтеген олар отбасымен қауышар күнді үмітін үзбей күтумен жүр.

Раниль, ЖАЗАСЫН ӨТЕУШІ:

Біздермен жұмыс жасап жатқан осы жердегі полиция қызметкерлерінің мейрамдары. Сол мейрамдарымен құттықтаймын, алғысымызды айтамыз. Түзету мекемесі ғой, түзеліп шығамыз деген ойдамыз. Өзгересің ғой. Қате аяқ астынан ғой. Аяқ астынан болған оқыс оқиға болды. Қателікті мойындап, келесіде ондай қателікті жібермеуге тырысамыз ғой. Отбасым бар, бес балам бар.

Отряд бастығы колония басшысы мен сотталғандар арасындағы алтын көпір іспетті. Өйткені тұтқындарды толғандырған мәселе солар арқылы шешіледі. Сондықтан мақсатымыз - сүрініп кеткен тағдырлардың тағы да бүлінуіне жол бермеу, дейді инспекторлар.