Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

"КНБ-ның суретіне де түстік". Танымал актер Асқар Наймантаев Алтынбек Сәрсенбаев туралы естеліктерін айтты

AstanaTV
23.06.2023ж. 18:10
1730
"КНБ-ның суретіне де түстік". Танымал актер Асқар Наймантаев Алтынбек Сәрсенбаев туралы естеліктерін айтты

Танымал актер Асқар Наймантаев Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында Алтынбек Сәрсенбаев туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Журналист Нартай Аралбайұлы Асқар Наймантаевтың Алтынбек Сәрсенбаев туралы жазбаларын еске салды.

"Мына жазбаңыз бар: Алтынбек Сәрсенбаевпен кездескеніңізді айтасыз. "КНБ-ның суретіне де түстік Алтекең екеуміз, әне сен де іліктің олардың назарына. Күлді. Бірге күлдік", - дейді журналист.

Актер бұл жағдай, шынында да, болғанын жеткізді.

"Достық үйінің жоғары жағында екі кабинет Мәдениет министрлігінің, министрдің кабинеті болып есептелетін. Қазір білмеймін. Алтекең үш ай қайта министр бола қалды. Сол кезде Сәрсенбай атамыздың 80 жылдық тойын ақылдасып жүрген кезіміз. Күндіз жұмыстарда болады да, "Асқар, кешке кел" дейді. Достық үйіне барамыз. Тойды ғана әңгімелемейміз. Ортақ әңгіме пайда болады. Ұзақ отырып қалатын кезіміз болады. Түнгі 11-12-лерде шығамыз. Көшенің жарығы түсіп тұр, қап-қара машина. Объективті терезені тақаған кезде бізге дөп-дөңгелек болып көрініп тұр. Алысырақ тұрып та түсірмейді. "Әне сен де тарихқа ілігіп жатсың" дейді. Сондай да қызықтар болды. Біз кештеу таныстық (Сәрсенбаевпен - еск.). Бұл кісі Нарынқол, Райымбек ауданынан шыққан өнерпаз, ақын-жазушыларды Кегенге жинап, үлкен бір ас беріп, кездесу өткізді. Мен бардым. ..."Сәрсенбай ата каналының бойынша өскенмін, Қайнардың баласымыз" дегенде, "Ой, жақсы болды, енді жақсы танысатын болдық" деп, содан бері сөйлесіп кеттік", - дейді ол.

Айта кетейік, бұған дейін танымал әзілкеш Назарбаев, Ақаев, Каримовтің алдында өнер көрсеткенін еске алғаны хабарланған еді.