Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Гонконгте ұшақ апатты жағдайда қонды

AstanaTV
25.06.2023ж. 12:07
752
Гонконгте ұшақ апатты жағдайда қонды

Гонконгте ұшақ апатты жағдайда қонды, - деп хабарлайды Massaget.kz. 

Әуе көлігінің шассиі жарылып, 18 адам жарақат алған.

Жолаушылар лайнері Лос-Анджелеске бара жатқан. Ақау шыққан соң экипаж әуежайға қайтуға шешім қабылдапты.

Ұшақта 300-ге жуық жолаушы мен 17 экипаж мүшесі болған. Оқиға орнына 10-нан астам жедел жәрдем көлігі келді.