Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

"Еш жерге жұмысқа алмаймыз" деді". Нұрлан имам қоғамнан шеттетілген кезін еске алды

AstanaTV
26.06.2023ж. 08:03
1003
"Еш жерге жұмысқа алмаймыз" деді". Нұрлан имам қоғамнан шеттетілген кезін еске алды

Имам Нұрлан Байжігітұлы өміріндегі қиың кезеңдер туралы еске алды. Ол бұл туралы "Алғашқы" бағдарламасында әңгімеледі, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Оның сөзінше, Ақтөбе облысында дін үшін күрескен.

"Ақтөбе облысында салафилік тарағаны, діни мәселеде көп проблема барын сол кезде ашықтан-ашық айтқанмын. Шындықты шырылдап айтамын деп, аузымнан үлкен кісілер туралы қаттырақ сөздер шығып кеткені рас. Теріс тізімге іліндім. "Еш жерге жұмысқа алмаймыз" деді. Өзімді қаралап шығарды. Салафилер мен уахабистермен күресіп жүріп, өзімді уахабист қылғысы келді. Ақтөбе жұрты жақсы біледі. Бәрін мешітке жинадым. "Бір жерден басқарылуымыз керек" деп. Жеке меншік мешіті бар екен біреудің. Сол мешітті діни басқарманың иелегіне өткіземін деп таластым. "Тіркеу керек, жеке мешіт деген болмайды, әркім өзі істей берсе, не болады" деп шырылдап, сол нәрсе басыма таяқ болды. Іштей ренжідім. Әріптестеріме ренжідім. Бәрі теріс қарап кеткеніне ренжідім. "Жіберген мешітіңе бара беремін" дедім. Ауылдың ішіндегі ауылдың мешітіне имам болып баратыныма ешкім сенбеді, бәрі күліп қарады. Бірақ Алла көтеремін десе, кішкентай жерден танытты. Қай қызмет болса да қайнадым", - дейді ол.