Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Солтүстік Корея Корей түбегінің "ядролық соғыстың табалдырығында тұрғанын" мәлімдеді

AstanaTV
26.06.2023ж. 10:51
740
Солтүстік Корея Корей түбегінің "ядролық соғыстың табалдырығында тұрғанын" мәлімдеді

Солтүстік Кореяның сыртқы істер министрі Сеул мен Вашингтонды "ядролық соғыс қауіпін" ушықтырды деп айыптады. Сондай-ақ мемлекеттің өз қорғанысын жетілдіре түсетінін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Ренхап басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Америкалық зерттеулер институты түбектегі жағдайды "1950-1953 жылдары болған Корей соғысы алдындағы түнмен" салыстырды. Сонымен қатар Оңтүстік Корея мен АҚШ-ты "жалған әскери антикоммунистік текетірес" ұйымдастырды деп айыптап отыр.

"АҚШ-тың әскери іс-қимылы Корей түбегі мен Солтүстік-шығыс Азиядағы текетіреске алып келді. Салдарынан тұрақсыз жағдай қалыптасып, ядролық соғыстың табалдырығында тұр", – делінген есепте.

Сонымен қатар басылым мәліметінше түбектегі соғыстың арты аз уақытта "әлемдік және термоядролық соғысқа" айналып кетуі мүмкін. Ал салдары адамзат үшін ауыр болады.