Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Шолпан Каринова Қазақстан Республикасының оқу-ағарту бірінші вице-министрі қызметінен босатылды

AstanaTV
26.06.2023ж. 12:27
1148
Шолпан Каринова Қазақстан Республикасының оқу-ағарту бірінші вице-министрі қызметінен босатылды

ҚР Үкіметінің қаулысымен Шолпан Таңатқызы Каринова Қазақстан Республикасының оқу-ағарту бірінші вице-министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы kaz.zakon.kz  Қазақстан Республикасы Үкіметінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Үкімет басшысының сайтында атап көрсетілгендей, Шолпан Қаринова 1972 жылы Ақмола облысында дүниеге келген.

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау педагогикалық институтын бітірген. Омбы мемлекеттік педагогикалық университетін тәмәмдаған.

Еңбек жолын 1994 жылы ауыл мектебінде мұғалім болып бастаған.

1998-2003 жылдары білім беру ұйымдарында оқытушылық және аудармашылық қызметпен айналысты.

2004-2005 - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы No5 орта мектептің директоры.

2005-2012 жж Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының білім беру бөлімінде басшылық қызметтерді атқарған; Тайынша қаласы әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелері; Петропавл қаласының Солтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы.

2012-2013 - Петропавл қаласы әкімінің әлеуметтік сала жөніндегі орынбасары.

2013-2017 жж - Солтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының басшысы, Петропавл қ.

2017-2018 жж – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры.

2018-2019 – "Назарбаев Зияткерлік мектептері" педагогикалық шеберлік орталығы директорының орынбасары, Астана қаласы.

2019-2022 жылдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім вице-министрі болды.

2022 жылдың тамызынан бастап ҚР Білім бірінші вице-министрі.