Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Қашаған мұнайы экспорттала бастады

AstanaTV
15.10.2016ж. 20:00
2492
Қашаған мұнайы экспорттала бастады

Қашаған мұнайы дайын дайын тауарға айналып, экспорттала бастады. Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. КТК, КазТрансОйл құбырлары арқылы мұнай, ал "Интергаз Орталық Азия" АҚ магистральді жүйесі арқылы газ таратылып жатыр. Тиісінше, шикі мұнайды тауарға айналдыратын "Болашақ" зауыты іске қосылған.

Соңғы ширек ғасырда әлемде табылған ең үлкен мұнай кеніші ретінде сипатталып келген Қашағанның мұнай қоры 35 миллиард баррельге жуық деп бағаланған. Мынадай деталь - "Астана" халықаралық қаржы орталығының басшысы Қайрат Келімбетов Блумберг агенттігіне интервью берген, Қашағанға да тоқталған. Өкіметтің мұнай өндіруші елдердің ішінде «үздік жетілікке» ену арманын айтты:

Қайрат Келімбетов, «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы:

Біз қазір тәулігіне мұнайдың 1,7 миллион баррелін өндіріп, әлемдегі мұнай өңдейтін ТОП-20 елдердің қатарына енеміз. Бізде Қашаған мен Теңіз сияқты алпауыт кен орындары бар. Exxonmobile,  Shevron компаниялары бізбен әрмен қарай да жұмыс істеуге мүдделі. Сондықтан біз мұнай өндіруді екі есе ұлғайтып, 3 миллионға дейін жеткізбекшіміз. Артынша әлемнің «үздік жетілігіне» кіретін ойымыз бар.