$525.87 €614.37 ₽6.72
×

Алматы облысында жолаушылар автобусы жол апатына ұшырады

AstanaTV
26.06.2023ж. 17:17
1319
Алматы облысында жолаушылар автобусы жол апатына ұшырады

Алматы облысында жолаушылар автобусы жол апатына ұшырады, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Жол апатына қатысты видео әлеуметтік желіде тарады. Видеода №203 жолаушылар автобусы жолдың шетіне шығып кеткенін көруге болады. Оқиға Құлжа трактінде болған.  

Облыстық Полиция департаментінің өкілдері бұл дерекке қатысты пікір білдірді. 

"Алматы облысының Полиция департаменті жол-көлік оқиғасы 26 маусымда "Алматы-Көкпек-Көктал" тасжолының 24-шақырымында болғанын хабарлайды. 54 жастағы жүргізуші көліктің рөлін басқара алмай, кюветке шығып кеткен. Жол апаты салдарынан зардап шеккендер жоқ", - дейді ПД өкілдері.