Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Қарағандыда төртінші қабаттан құлаған бойжеткеннің қасында болған жігіт оқиға болған жерден қашып кеткен

26.06.2023ж. 20:00
889
Қарағандыда төртінші қабаттан құлаған бойжеткеннің қасында болған жігіт оқиға болған жерден қашып кеткен

Қарағандыда 27 жастағы бойжеткен төртінші қабаттан құлап кетті. Қазір жағдайы ауыр, ауруханада жатыр. Ал оның қасында болған жігіт оқиға болған жерден қашып кеткен. Күдіктінің қызды ұрып соққан болуы әбден мүмкін,- дейді куәгерлер.

Тұрғындардың айтуынша, алдымен пәтерде айқай- шу шыққан. Куәгерлер полиция шақырып үлгергенше бойжеткен балконнан құлап кеткен көрінеді.

Борис СЕРГЕЕВ, КУӘГЕР:

Қызды ұрып тастаған сияқты. Өйткені балконның есігі қан- қан. Ондағы темір тор да қанға боялған. Алдымен пәтерде айқай- шу шықты, кейін қыз құлап жерге түсті.

Полиция оқиғаға қатысты ҚР ҚК-нің 105 – інші яғни, «өзіне өзі қол жұмсауға жеткізу» бабымен қылмыстық іс қозғалды. Қыз - 27 жаста. Ол Шахан қаласынан келіп, танысымен бірге осы пәтерді бір тәулікке жалға алған. Қасында 44 жастағы ер адамның болғаны анықталды. Ол оқиға болған жерден қашып кеткен.

Бақытжан ҚҰДИЯРОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:

Тәртіп сақшылармен куәгерлер анықталды. Сонымен қатар оның қасында болған танысының аты- жөні толығымен анықталды. Жауап алу мақсатында полиция бөліміне жеткізу мақсатында кешенді жұмыстар жүргізілуде. сондай- ақ азаматша ауруханадан шыққаннан кейін одан да жауап алынып қозғалған қылмыстық іс бойынша нақты процессуалдық шешім қабылданатын болады.

Қазір бойжеткен ауруханада. Оның омыртқа сүйегі сынған, жағдайын дәрігерлер орташа ауыр деп бағалап отыр. Айта кетейік дәл осы күні полиция тағы бір жүрегі жаралы азаматты өлімнен құтқарды. Ол бұрынғы сүйіктісінің тұрмысқа шыққалы жүргенін біліп көпірден секірмекші болған.