Спорт Қазақстан
$439.4 €473.54 ₽4.76
×

Шымкентте көпқабатты үйдің терезесінен 6 жасар бала құлап кетті

AstanaTV
27.06.2023ж. 13:09
953
Шымкентте көпқабатты үйдің терезесінен 6 жасар бала құлап кетті

Оқыс оқиға 26 маусым күні сағат 19:00-де болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Еңбекші ауданы, Орынбай ақын көшесіндегі көп қабатты тұрғын үйдің 3 қабатынан 6 жасар ер бала терезеден құлап кеткені бойынша хабарлама келіп түсті. Қазірге таңда ауруханаға жатқызылды. Жағдайы ауыр. Құрметті ата-аналар! ТЖМ балалардың терезеден құлап кетуіне жол бермеу үшін сақталуы қажет мінез-құлық ережелерін еске салады, - делінген ТЖМ хабарламасында.